Танымал әнші Алтынай Жорабаева қыздарын шетелге демалысқа жіберіп, демалысын қалай өткізіп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/altynaizhorabayeva

“Соңғы уақытта Instagram-ға ештеңе салмай кеттім. Көзден кетсе, көңілден де кетеді демекші, мені ұмытып қалған жоқсыздар ма? Негізі , өзім бақыттан басым айналып жүрмін. Үйдегі, жұмыстағы көмекшілерімді демалыстарына жіберіп едім. Тойға да көмекшісіз жүргендіктен, не видео, не фото салуға ерінемін. Бала-шағаны да бір айға Аланияға жібердік. Үйде отағасы екеуіміз ғана. Құдай-ау, жолдасым ештеңе жасама дейді ғой. Ұйқыңды қандыр, өзіңе ұнайтын нәрсені жаса, фильмдер көр” дейді. Тіпті таңертең, жұмысқа дыбысын шығармай, жәй киініп, бетімді сүйіп шығып кетеді ғой. Қысқасы, менде лафа. Аллаға сансыз шүкірлер”, – деп жазды өнер иесі. 

Алайда әншінің бұл жазбасы желі қолданушыларына жақпай қалды.

“Осындай сөзді ұялмай қалай мақтанып айтасың?”, “Аса мақтаншақтық”, “Сіздей жанға жараспайды”, “Сенің жаныңның қызығы ешкімге керек емес”, “Неге бөсіп мақтанасыңдар?”, – деп жазды желідегілер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!