Әнші Алтынай Жорабаева өзіне сын айтатын оқырмандарына ренішін білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі әркім өз қалауымен өмір сүретінін, ақыл айтпау керегін жеткізген.

«Ұл-қыз өсіріп отырып, неге біреудің өмірін талқылайды екен, көп жандар? Үйтпе, бүйтпе деп… Негізі, әркім өзі біледі деп ойлаймын: не салғысы келеді? Қалай өмір сүргісі келеді? Не айтқысы келеді? Өз стандартыңызбен талап етпеңіз! Әр адам өзінің қалауымен, тәрбиесімен өмір сүреді. Себебі сіз қаншалықты мінсізсіз? Айналаңызға, отбасыңызға, туған-туысыңызға зер салып қойыңызшы», – деп жазды әнші. 

Желі қолданушыларының бір бөлігі әншінің айтқанымен келіссе, енді бірі әлеуметтік желіде көпшілік отыратындықтан мұнда салатын дүниені ой елегінен өткізу керек екенін айтқан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!