Атыраулық Нұргүл Зиханова қазақ эстрадасының белгілі әншісі Бейбіт Қорғанмен өте жақын қарым-қатынаста болғанын айтып, одан ұлды болғанын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Айтуынша, осыдан бес жыл бұрын әншімен Атырау қаласындағы караоке-барда танысқан.
“2018 жылы қараша айында Атыраудағы караокеде достарымызбен жиналдық. Екінші қабатта отырғанбыз, Бейбіт бірінші қабатта болды. Құрбым ол кісімен нөмер алмасқанын айтты. Кейін басқа кафеге тамақтануға шығып кеттік. Сол жерде құрбым: “Бейбіт Қорған қонақүйге шақырып жатыр” деді. Танымал әнші болғасын және әндерін жақсы көргендіктен құрбыммен еріп баруға келісімімді бердім. Ол кезде сағат таңғы 5-6-ның шамасы болатын. Мен ол кезде сөйлеспедім. Тек екеуінің әңгімесін тыңдап отырдым. Олар ішімдік ішіп отырды, мен екі рет сыра ғана іштім”, – деп еске алады сол күнді Нұргүл.
Кейін құрбысы мен Бейбіт Қорған сөзге келіп, құрбысы ашуланып кетіп қалған. Соңында қонақүйдегі ішіп-жегеннің есебін әнші өзі төлеген көрінеді.
“Бір ай өткеннен кейін Бейбіт жаңажылдық кешке ән айтуға келді. Сол кезде мені қаладағы “Қазақстан” қонақүйіне шақырды. Достарымен отыр екен мені “қарындасым” деп сол жердегілерге таныстырды. Менде бірден төсекке секіру ой болған жоқ. Телефон нөмерімізді алмастырып, бірнеше рет кездестік”, – дейді Нұргүл.
Айтуынша, әншінің заңды әйелі мен балалары барын білген.
“Атыраудың тумасы болғаннан кейін, өмірі де өнері де жақсы таныс. Отбасылы адам екенін де білдім. Жақындасу кезінде де өз еркіммен берілген жоқпын. Нөмеріне барудағы мақсатым – тек әңгіме айтып, танысу. Маған мінезі қатты, бірбеткей еркектер ұнайтын. Бейбіт те көңілімнен шықты. Өзім де ұнаттым,” – деп шынын айтты.
Нұргүл Зиханованың негізгі мамандығы – аспаз. Бірақ мамандығы бойынша жұмыс істемеген. Кейін фотограф болып жұмыс істеген. Әйел әншіге жүкті екенін айтқан, ол «өзің біл» деп жауап берген. Әйелдің айтуынша, баланың денсаулығында ақау бар. Ол «балаға жәрдем берсе екен, өзіме ештеңе керек емес», – дейді.
“Жүкті екенімді айттым, бірақ ол алдырып таста, менікі емес” деп айтқан жоқ. Бұзылған телефонымда екеуара сөйлескен хаттарымыз болатын. “Тыныш жүр. Ешкім біліп қоймасын” деп жазған еді. Ұлым Әлиханның туабітті бүйрегі дұрыс істемейді. Баланың диагнозын бәрін жібердім. Бірақ ол көп хабарласа берме деді”, – дейді Нұргүл.
Әнші бағдарлама журналистеріне жауап берді. Оның айтуынша, ол әйелді де, баланы да танымайды.
“Ондай адамды танымаймын. Екінің бірі солай айтты деп, жүгіріп ДНҚ сараптамасын тапсырмаймын. Сіздер де жөнсіз менің мазамды ала бермеңіздер», – деді өнер иесі тұтқаның ар жағынан.
Бағдарлама ұжымы істің ақ-қарасын ажырататын айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!