Фото: Видеодан кадр : OZMZғой бағдарламасы

Қазақстандық виолончелист Бағжан Октябрь су тасқынынан зардап шеккен халыққа 5 млн теңге көмек аударды. Бұл жайлы өнер иесінің әкесі Өктем Алтаев мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Бағжан Октябрь су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек ретінде 5 млн теңге қосты. Біз біргеміз», – деп жазды Өктем Алтаев Instagram-дағы парақшасында.

Ал желі қолданушылары Бағжанның бұл ісіне ризашылық білдіріп, жарыса алғыс айтты. «Бағжанның бағы жана берсін», «Жарайсыз», «Ер адам осындай болуы керек», «Димаштан кейін көш бастап тұрған жігіт екен», «Жомарттығыңды көрсеттің», «Бәрекелді», – деп жазды желідегілер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!