Танымал әнші Қайрат Нұртас кішкентай қызымен түскен ерекше видео жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Қызым менің, кішкентай Рәбиә Сұлтаным!» – деп жазды өнер иесі желідегі парақшасында.
Әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың қарым-қатынасы ел арасында жиі талқыға түседі. Мұны желі қолданушылары да байқаған:
«Уайым-қайғымыз басылды. Бәріміз өз мәселеміз жоқтай жұртты ойлап жүрген жайымыз бар», «Қуанып кеткендер нешеуміз?», «Бақытты болыңдаршы! Сендердің қарым-қатынастарыңа өзімдікінен артық уайымдаймын».
Айта кетейік, жуырда Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін дүниеге әкелді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
