Танымал актриса, әнші, модель Айжұлдыз Адайбекованың әкесі туралы жазбасы оқырманды сүйсінтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Негізі әкеме ұқсаймын. Әсіресе мінезім. Ол кісіні әлі күнге дейін зерттеудемін. Қандай адам болды, қандай іс атқарды?! Сүйікті хоббиі мен адамдарға қарым-қатынасы қандай болды екен деп ойлаймын. Аз ғұмырда нені армандады және ол орындалды ме екен?! Маған өте қызық. Осындай адамның ұрпағы болғаныма шүкір”, – деді өнер иесі.  

Еске салсақ, осыдан 28 жыл бұрын әкесі жол апатынан қайтыс болған еді. Сол уақытта Айжұлдыз анасының құрсағында жеті айлық болып қалған. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!