Фото: жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі әсіресе той жүргізу кезінде жиі жалғыз отыратынын жасырмады.

“Әртістің, оның ішінде тойдағы асабаның әйелі болып тойға, кешке барғандағы кемшіліктерді айтып берейін. Әрдайым жалғыз отырасың, вальс билей алмайсың. Тойдан жалғыз қайтасың, өйткені ертерек кетесің. Фотоға да жалғыз түсесің. Оған қоса қалай жүргізеді екен деп қобалжып отырасың”, – деп жазды әнші.

Айта кетейік, әнші күйеуі Қайрат Әділгерейдің үйде қандай адам екенін жасырмай, мінезін сипаттап берген еді. 

“Қайрат сахнада энергияға толы адам болса да, үйде ұстамды. Салмақты әңгімелер айтады. Қатты ұшып-қонып жүреді деп айта алмаймын. Бірақ мен “кішкене демалып ал” деп айтып қоямын. Оның жан-жақтылығы жасандылық емес, табиғаты сондай. Ол адам оны алып жүре алады, өзіне ұнайды. Бар көңілмен жасап жүргенде адам демалады. Бірақ, әрине, шаршайтын кездер болады. Сол кезде фокусты отбасына, балаларға, демалысқа бөлеміз. Солай энергия жинаймыз, өзімізді солай толтырамыз”, – деген болатын Бақыт Тұрман.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!