Фото: бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса атышулы бағдарламаға оқырман жинап, танымал болу үшін барғанын айтты. Журналист Жанерке Сейфуллинаның “Айтарым бар” подкастында бұкпесіз баяндап берді. 

“Сол бағдарламаға барғанға әлі күнге дейін өкінемін. Қызық үшін барғанмын. Кейін таныстырам жаман пікірлер жазып, мені жазғырды. Ол жаққа жігіт-күйеу іздеп бармадым. Адамдар қызықтырып айтты. Оқырман жинап аласың деген де идеялар айтылды. Бір ай ғана отыршы деп ұсыныс тастады. Оның шын мәнінде қандай бағдарлама екенін білмедім. Танымал боласың, оқырмандар көбейеді деп қызықтырған соң барғанмын. Бірақ 1-2 аптадан кейін өзімді өте жайсыз сезіндім. Жылатып та қойды. Балаларыма тіл тигізген кезде, жалғызбасты аналар мені түсінеді, тіпті ұрып жіберуге дейін барамыз. Тіпті өнердегі Сәкен Майғазиев ағаларым, қоңырау шалып, “кетші ана жерден” деп ұрысты. “Қалаулым” – шоу. Ар жақтан ұрсысыңдар, кішкене былай айтыңдар” деп айтады. Шоу бағытына құрылған бағдарлама екеніне көзім жетті”, – деді актриса. 

Сондай-ақ бағдарламадан не себепті кеткенін де айтып берді.

“Маған жан-жақтан адамдар хабарласа бастағасын дұрыс емес екенін түсіндім. Адамның психологиясымен ойнап отырады. Жылатады біресе намысыңа тиетін сөз айтады. Кәдімгідей жүйкеңе тиеді екен. Бір-екі рет түсірілімнен қолым босамай қалып, бара алмадым. Сол кездеөзім шығуды да ойлап жүрген едім. Кейін мүлдем бармай қалдым. Адамдарды алдағым келген жоқ”, – деп ағынан жарылды киножұлдыз. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!