SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Нұрлан Еспанов атақ алу мәселесіне қатысты ойын айтып, реніші барын жасырмады. 

Өнер иесі “Revue news” бағдарламасына сұхбат беріп, атақты жас күнінде алмағасын, бүгінде алудың ешқандай мән-мағынасы жоғын айтады. 

«Мен негізі көптеген әндерімді, жазған дүниелерімді өткізген болатынмын. 10 жылдай қағаз тапсырдым. Біздің жасымыз да келді ғой, атаққа кешіктік қой. Шәмші Қалдаяқов атамыз «Өлер алдында атақ әкеп берсе не болды, бір атақтарың таусылып қалатындай» деп айтады ғой. Білмеймін, сол атақ бізге жетпей қалып жатыр ғой», –дейді әнші.

Еске салайық, қоғамда Әлішер Каримовтың атақ алғаны қызу талқыға түскен еді. Әнші Әміре 30 жасына дейін атақсыз қалғанына ренжіп, жазба жариялаған еді. 

“Эстарада әншісінің мансабындағы ең маңызды деген барлық конкурстарына барып, төбе көрсетсем де, биыл маған тағы да бұйыртпапты. Еш реніш емес, 30 жасыма дейін «Еңбек сіңірген қайраткері» атағын алу деген пенделік арманым болған. Кейінге қалады. Әріптестерімді маңызды марапаттарымен құттықтаймын», – деп жазды ол. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!