Видеодан скриншоттар

Әнші Нұрболат Абдуллин ақын Ершат Қайболдиннің арқасына шапан жапқаны видеосы желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Белгілі ақын Ершат Қайболдинге сахнаға шақырып, әнші осылай құрмет көрсетеді. Оқырманның жазуынша, бұл бір жыл бұрынғы концерт.

Көптеген танымал әншілердің әніне сөз жаған ақын Ершат Қайболдин «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында әнші Нұрболат Абдуллинге ренішін білдірген. 

«Мен барынша арлы болуға тырысамын. Ешқашан «маған осындай ақша бер, мен осындай өлең жазып беремін» деп айтып көрген емеспін», – дейді Ершат Қайболдин.

Ақын ең көп еңбекақысы 20 мың теңге болғанын айтты.

«Нұрболат Абдуллиннің «Сен қорқақсың» деген әнінің қаламақысына 20 мың теңге алдым. Бірден берген жоқ. «Хит болып кетсе, беремін, еңбегіңді жемеймін» деді. Бұл тойларға шығып, хит болғаннан кейін берген ақшасы. Жыладым», – деді ақын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!