Отандық шоу-бизнесте танымал Айдарбековтер әулетіне келін түсті. Жаңалықты бірінші болып жариялаған продюсер Гүлзира Айдарбекова сүт кенжесі Заңғарды үйлендіріп, оқырмандарынан сүйінші сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2023 жылдың наурыз айында ЗаңғарНұртас үйленіп, Жібек есімді арумен шаңырақ көтерген болатын. Алайда қос жұптың некелері сәтсіз болып, екі жаққа кетті.
“Көңіл-күйім тамаша! Бақыттан басым айналып тұр. Сәл қобалжып тұрмын. Ақ тілек жолдап жатқан халқыма рақмет!”, – дейді күйеу жігіт.
Заңғардың анасының айтуынша, болашақ келіні шырайлы Шымкент қаласынан екен.
“Барлық ағайын-туысты жинап, құдалыққа аттандық. Келінімнің есімі – Индира. Шаңырағымызға құт болып келсе екен деген аналық тілегім бар. Оңтүстік өңірі салт-дәстүрлі қатты ұстанатынын білесіздер. 1 жүк көлігіне артып тойшашу мен жөн-жоралғы әкелдік. 5-6 жігіт түсіріп, үлгермей жатыр. Келінімізге сырғамызды салып, ұзатып алып кетеміз”, – деп мақтанып қалды.
Қазақтың салты бойынша күйеу жігітті жеңгелері қалыңдық жаққа жібермей, біраз “қинады”. Болашақ жарының туған жылы, айы-күнінен бастап, оқу орны, хоббиі туралы да сұрақтар қойды. Сыннан сүрінбеген су жаңа күйеу жігіт қалыңдығымен жүздесті.
Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп, “Жібектей емес, жүзі жылы”, “Жүзі жылыдан түңілме” деген сынды тілектерін жаудырып жатыр.
Еске салсақ, Гүлзира Айдарбекованың үйіне ұры түсіп, тонап кеткенін жазған болатынбыз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!