Әнші Меруерт Түсіпбаева “Бұрынғы әйелін ұрып-соққан” деп қызу талқыға түсіп жатқан журналист Асхат Садырбайдың ісіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі сұхбатты өшіріп тастаған журналистерді кінәлады. 

“Сократ менің досым, бірақ шындық қымбат” деген сөз бар. Көп ойланып кезінде “Қазақфильмге” қатысты да пікір білдірген едім. Осы жолы Асхатпен сыйласып жүргесін ешнәрсе жазбаймын деп едім, Бірақ кеше экс-жұбайы Айғаным видео жариялапты. Сұхбатын да көріп шықтым. Соны біреулер өшіріп тастапты. Бұл – бассыздық. Журналистер сіздерге не көрінді?! Мен екі рет көріп шықтым. Айғанымның толқып отырғаны көрініп тұрды. Өшіретіндерің бар, неге адамның уақытын аласыңдар?! Неге екені белгісіз, кеше Айғанымның түріп көріп шошып кеттім. Күйзелісін сездім. Жүрек шымырлап, жаным ашып кетті. “Жібекті түте алмаған жүн қылады” деген сөз бар. Ана мен жаны нәзік әйел емес пе?! Осы оқиғадан кейін өзіне берік болса екен?!”, – деп жазды әнші.

Айта кетейік осы оқиғаға байланысты журналист пікір білдіріп, айтылған әңгіменің жалған екенін айтқан еді. 

“Өзім де естіп жатырмын. Таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Бес жыл бұрын ажырасып кеткенбіз. Қазір мен ұлыма көмектесіп, кездесіп тұрамын. Қалған мәселенің барлығы жабылған. Жарияланған сұхбаттың мақсатын түсінбедім. Заңгерлер жұмыс істеп жатыр”, – деді журналист.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!