Фото: @zhuldyzabdukarimovaofficial

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Стамбұлға ұшып кеткенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесінің айтуынша, бұл оның Стамбұлға жетінші сапары. 

Сондай-ақ ол бұл қасиетті жерге турист ретінде емес, рухани азық іздеп келгенін жазды.

“Византия, Жаңа Рим, Константинополь, Стамбұл! Ұлылық пен кішілікті, тарих пен болашақты, қаталдық пен нәзік сезімді бірдей өзіңе сыйдырып тұрған кереметіңе тәнтімін. Өзіңді бір көрген адам өмір бойы сағынатынын білесің бе?
Рим, Византия, Латын және Осман империяларының астанасы болдың. Сендегі әр тас, ғимарат, қабырға терең тарихтың куәгері. Жағалауың қанша адамның жан сырын тыңдады екен?! Шағалаң қанша адамның жан жарасын емдеді екен?! Стамбұл – менің жетінші сапарым. Турист ретінде емес, рухани азық іздеп келгем. Ұлыларға құран бағыштауға, қасиетті жерлеріңді аралауға, жан тыныштығын іздеп келдім. Сен оны аямай бердің. Мен де бүгін еріксіз сүйіп қалғанымды жеткізем”, – деп жазды ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!