Фото: Instagram/gulnur_mamasaripova
Отандық танымал кинопродюсер Гүлнұр Мамасарипова өзі жайлы ел білмейтін жайтты айтты. Көрермен көңілінен шыққан көптеген туындыны жарыққа шығарған маман жұрттың пікіріне қатты тәуелді екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Гүлнұр Мамасарипова өзі жайлы Әйгерім Сейфоллаға берген сұқбатында айтып берді. Белгілі продюсер елдің сөзіне аса тәуелді екенін жасырмады. Оған қоса ол жағымсыз пікірлерге ұшырағысы келмейтінін жеткізді. Кино саласының маманы өзін мақтағанды ұнататынын айтты.
«Жұрттың пікіріне тәуелдімін. Сыни пікірлерді, ақылды адамдардың сынын жақсы қабылдаймын. Хейтке ұшырағанды жек көремін. Жағымсыз пікірлерге тап болмауға тырысамын. Ілінбеуге тырысамын. Білмеймін, ұнатпаймын. Менде үздік оқитын қыздың синдромы десе де болады. Менде бәрі дұрыс әрі ретімен болу керек. Енді осымен кеттім. 50-ге келжім. Енді трансформацияға түсе алмайтын шығармын. Ұнатпаймын. Мақтанғанды ғана жақсы көремін. Жолдасым да үнемі мақтап жүреді. «Мақтап қана күн көріп жүрміз» деп қояды», – деді продюсер.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!