Фото: Stan.kz

Танымал хитмен, әнші Әбдіжаппар Әлқожа қарыз алып қайтармайтындарға қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі қарыз алғаннан гөрі беретіндердің қатарынан болып шықты. Жеке қаржысына мешіт соққанын да мақтанышпен айтты. 

“Жеке банк шотынан қарасам, жылына 180 миллиондай табыс табады екенмін. Бір адамға қарыз ретінде берген ең үлкен ақшам – 20 миллион теңге. Ал қайырымдылық ретінде мешіт соққанымды көбі білетін шығар. Оған шамамен 20 миллион теңгедей қаржы кетті. Басқа қайырымдылық көмектерді айтпай-ақ қояйын. Қазір маған бірнеше адам 30 миллион теңгедей қарыз боп тұр. Пайғамбарымыз «Сенің алдыңа біреу қарыз сұрап келсе, оны өзі келіп тұр деп ойлама. Оны Алла жіберіп тұр. Сен оған көмектескен сәттен бастап, саған үлкен сауап жазылады. Ол саған қарызын қайтарған сайын саған береке боп қайтады» дейді. Сондықтан біреу қарыз сұрап келсе, бетін қайтарғым келмейді. Жағдайы белгілі боп тұрады ғой өзі, нашақор, алаяқ болмаса, беруге болады”, – деп есептейді әнші.

Сонымен қатар өнер иесі берген қарызды сұрамайтынын, бермей кетсе, тілдемейтінін жеткізді. 

“Қарыздың пәтуасында «Біреуге бір жылға қарызға ақша берсең, бір жылдан соң бір рет сұрау керек. Сосын қалаған уақытыңда екі рет сұрайсың» делінген. Үшеуінде де бермесе, алған ақшасын қайтармаса, онда кешіріп жіберу керек. Шын мұсылман солай етуге тиіс. Қайта-қайта сұрай берсең, онда ақысы саған кіріп кетеді. Кешіріп жібер немесе «Ақыретке қойдым» десең, болды. Ақыретте соның үстемесі саған сауап болып жазылады», – деді Әбдіжаппар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!