Бокстан әлем чемпионы Алуа Балқыбекова әкесіне көлік мінгізді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жантебірентер көріністің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Желідегілер де жарыса құттықтап, бұл көрініске тәнті болған.
«Жарайсың, қыз деген осы ғой!», «Сіздей қызды өсіріп, тәрбиелеген әкеңізге көп рақмет», «Әкеңіз аман болсын, көлігі қызметіне жарасын», «1 қызы 10 ұлға татыпты деген осы екен», – деді желі қолданушылары.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі салмақта осымен екінші мәрте алтын жүлдегер атанды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!