Қазақстан құрамасы үшін Оңтүстік Корея­ның Чханвон қаласында жасөспірімдер ара­сын­да нысана көздеуден әлем чемпионаты аяқ­талды.
Қазақстан қор­жы­нына тағы 4 медаль (2 алтын, 2 қола) түсті. Жылжымалы нысана көздеуден (10 м, ауыспалы ритм) қазақстандық қыздар командалық бәсекеде тағы да қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырына көтерілді. Ел намысын апалы-сіңлілі Зухра мен Фатима Ерназарова және Александра Сәдуақасова қорғады. Осы бағдарламаның жекелей сынында Фатима алтыннан алқа тақса, Зухра қола жүлдеге ие болды.
Жылжымалы нысана көздеуден (10 м, ауыспалы ритм) Қазақстан бозбалалар құрамасы Украина мен Финляндиядан кейін үшінші орынға тұрақтады. Асадбек Назиркульев, Илья Зотеев, Даниил Яковенко жылдам және жай жылжитын нысанаға оқ атып, 1080 ұпай жинады.
Қазақстан спортшылары Чханвонда барлығы 10 медаль (4 алтын, 4 күміс, 2 қола) жеңіп алып, жалпы есепте үздік бестікке кірді.
Жасөспірімдер арасындағы биылғы бəсекеге 45 мемлекеттен 600-ге жуық атлет қатысып жатыр. Қазақстандықтар тек 3 санатта бақ сынады. Олар: винтовка, тапанша, жылжымалы нысана.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Никита Чирюкиннің нысана көздеуден әлем чемпионы атанғаны еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!