14 жыл бойы Halyk Ұлттық баскетбол федерациясымен бірлесіп «Халық лигасы» әлеуметтік жобасын жүзеге асырып келеді. 7-17 жас аралығындағы балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері баскетбол ойнауды үйренеді және алған дағдыларын шыңдайды.
Биыл жобаға Қазақстанның 16 өңірінен 297 бала қатысуда. Олар күзде Алматыда өтетін «Үміт Кубогы» чемпионатына белсенді дайындалуда.
Жалпы 24 команда құрылды – 16 ерлер мен 8 әйелдеркомандалары. Биылғы жылы қыздар жобаға алғаш ретқатысып отырғанын атап өту маңызды. Жобанықаржыландыруды Halyk толығымен өз мойнына алып, биыл54 миллион теңге бөлді. Бұл ақшаға қатысушылар форма, спорттық жабдықтар сатып алады, залды жалға алады жәнежаттықтырушылардың жұмысына ақы төлейді.
Осылайша, жоба балаларға кәсіби деңгейде спортпеншұғылдануға көмектесетін және болашақ мамандықтытаңдау туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беретінәлеуметтік лифт түрі болып табылады.
Балалар жаттығуларға үнемі барады, аптасына бірнеше ретжаттығады және кәсіби жаттықтырушылардыңбасшылығымен өз ойындарын жетілдіреді. Бүгінгіматериалда біз өмірлік қиын жағдайға тап болған Алматы облыстық балаларды қолдау орталығыныңтәрбиеленушілері арасында баскетболдан жаттығулар қалайөтетінін айтып береміз.
Бапкер Оксана Бекболатованың айтуынша, биыл «Халық Лигасы» жобасында тек Алматыда 25 бала айналысады. Ақпан айынан бастап балалар үнемі жаттығуларға қатысадыжәне баскетболдағы жетістіктеріне өте қуанышты.
«Балалар өте риза және сабаққа қатысуға қуанышты. Оларжаңа достармен танысу, не үйренгендерін көрсету және жайғана жақсы уақыт өткізу үшін «Үміт Кубогы» чемпионатынкүтеді. «Халық лигасы» – бұл өте маңызды және қажеттіжоба деп айтқым келеді. Оның арқасында балаларауырмайды, тәртіпті болады, олардың мақсаты мен өсуге, күн сайын жақсаруға деген ұмтылысы бар. Бұл балалардыңөздері үшін де, жаттықтырушылар үшін де өте маңызды“, – деп атап өтті.
Бапкер сөздерін балалардың өздері де растайды.
Александр Ботя (8 нөмір): «Баскетбол өте қызықты, керемет ойын. Мен фильмдер арқасында баскетболдыжақсы көріп кеттім. Маған бұл ойын қатты ұнайды. Менің мақсатым үлкен жарыстарда өнер көрсетіп командамен жеңіске жету»
Яна Малагова (15 нөмір): «Бүгін біз допты лақтыру жаттығуларын жасадық. Бізге әр сабақ жаңа және қызықты. Баскетболда стратегия мен командалық ойын маңызды. Менің командам чемпионатта жеңіске жетіп, «Үміт Кубогын» деп сенемін. Біз бұған дайынбыз»
Никита Королев (16 нөмір): «Баскетбол ойнау маған рахатсыйлайды. Маған бәрі ұнайды. Доптар мен кроссовкаларкеремет. Ұйымдастырушыларға өте ризамын. Біз міндеттітүрде жеңеміз».
Бұл жолы балалар үйінің тәрбиеленушілері жалғыз ойнағанжоқ. Жаттығуларға Halyk Bank қызметкерлері де қосылды.
Қаржы институтының Басқарма Төрайымының орынбасарыОльга Вурос бұл жобаның неліктен маңызды екенін жәнеоның қандай нәтиже беретінін айтты.
«Халық лигасы» жобасын Halyk 2005 жылдан бастап жүзегеасырып келеді. Осы уақыт ішінде біз 2000-нан астамойыншы шығардық. Оның 50-і спорт шеберіне үміткер, үшеуі спорт шебері атанды. Оқуды бітіргеннен кейінкөптеген балалар оқуын жалғастыруға, жаттықтырушыболуға немесе баскетбол командаларының құрамаларынакетуге шешім қабылдады. Сондықтан біз әлеуметтікжауапкершілігімізді түсінеміз және нәтижелерді көру өтемаңызды, біз балалармен бірге осы олардың жеткенжетістіктерін көріп қуанамыз. Біз балалармен жаттығулардыжалғастырып оларға қуаныш сыйлаймыз деп сенеміз».
Halyk Bank жоба қатысушыларына жағымды тосын сыйдайындады. Жаттығуға баскетболдан спорт шебері, қазақстандық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы, TikTok желісінде 370 мыңнан астам оқырманы бар блогерwowstokton деген атпен танымал Намазбаев Бақтияршақырылды.
Балалар өздерінің оқырмандарымен тікелей эфирдекездесуге қуанышты болды. Бақтияр оларға кәсіпқойларқолданатын бірнеше қызықты баскетбол әдістерін үйретті, жеңіске жетудің ең жақсы стратегияларын ұсынды жәнеолармен баскетбол ойнады.
Қорытындылай келе, «Халық лигасы» жобасыныңқатысушылары баскетбол ойнау мүмкіндігі үшін Halyk пен Ұлттық федерацияға алғыстарын білдіріп, естелік ретіндеортақ фотосуретке түсті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!