Үндістанда өткен Қазақ күресінен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Қазақ күресі федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Үндістанның Дели қаласында қазақ күресінен ересектер арасында әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Екі күнге жалғасатын дүбірлі додаға 8 салмақ дәрежесінде әлемнің 20-дан астам елінің 200-ге жуық балуаны қатысқан. 

“Боз кілем бәсекесіне қатысқан отандастарымыз 11 алтын, 2 күміс пен 2 қола медаль жеңіп алды. Дегенмен қазір қарсыластың көбі қазақ күресінің тәсілдерін жетік меңгеріп алған. Сондықтан болар жүлделер жерлестерімізге оңай келген жоқ. Олардың арасында қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы атанған Жұмажан Қожамбеков бар. Ал әйелдерден Рауза Нұрмағанбетова мен Зарина Сарипова екінші рет дүниежүзін мойындатты”, – делінген федерация хабарламасында.

Әлем біріншілігі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы және Sport Qory спортты қолдау қорының қолдауымен дели қаласындағы «Тьягарадж» ұлттық стадионында өткен болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!