Фото: _arstnbkva_a_
Қазақстандықтар Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай жұптық сында Анталия (Түркия) ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды KAZINFORM.
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық жұп финалда армениялық Ани Амирагян – түркиялық Ада Кумрумен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Армениялық-түркиялық дуэт матчты сәтті бастады – 7:5. Дегенмен бұдан кейін қазақстандықтар ойын тізгінін қолына алды – 6:4.
Супер тай-брейкте Асылжан мен Іңкәр жеңісті жұлып алды – 11:9.
Бұған дейін А.Арыстанбекова мен І.Дүйсебай тамыз айында Астанада Президент кубогы үшін өткен ITF W15 додасында үздік шыққан еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!