фото: ашық дереккөзден алынды

Михаил Шайдоров – Қазақстанның жас әрі болашағынан үлкен үміт күттіретін мәнерлеп сырғанаушы спортшыларының бірі. Ол ерекше сырғанау техникасымен, шеберлігімен көзге түсіп келеді.

Михаил Шайдоров − 2004 жылы 25 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Жастайынан спортқа қызығушылық танытып, мәнерлеп сырғанаумен айналыса бастады. Бұл спорт түрі үлкен еңбек пен төзімділікті талап етеді. Сондықтан ол бала кезінен еңбектеніп, алға ұмтылды.

Өз мақсатынан бас тартпаған Михаил Шайдоров биыл қысқы Олимпиадада мәнерлеп сырғанауға қатысып, 32 жылдан кейін Миланда еліміздің әнұранын шырқатты. Сонымен қатар Қазақстанның спорт жұлдызы атанып, есімі тарихта қалды. Осындай мақтан тұтатын азаматтар көбейсе, Қазақстанымыздың көркейетіні сөзсіз!

Қорытындылай келе, Михаил Шайдоров тек чемпион ғана емес, жастарға, болашақ ұрпаққа шабыт беретін, үлгі тұтатын тұлға. Оның өз-өзіне деген сенімділігі кез келген арманды орындауға мүмкіндік бар екенін дәлелдейді.

Кәусар АБДРАСУЛ,

№276 орта мектебінің оқушысы, Қазалы ауданы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!