Фото: instagram
Шымкентте екі ірі халықаралық шахмат турнирі аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТУРНИР ЖАҢАЛЫҒЫ
21-29 наурыз күндері ересектер арасындағы KazChess Masters Nauryz 2026 турнирі және балаларға арналған Қазақстан кубогы өтті. Бірінші турнирдің басты жаңалығы – 13 жастағы Данис Қуандықов болды.
ҚАРСЫЛАСЫ КІМ?
Ол 8-турда ақ тастармен турнир фавориті, сербиялық гроссмейстер Алексей Саранаға қарсы ойнады.
Жас айырмашылығы екі есе болғанына қарамастан, қазақстандық шахматшы эндшпильде дәл жүрістер тауып, тәжірибелі қарсыласын жеңді. Нәтижесінде Сарана жеңілгенін мойындауға мәжбүр болды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!