Фото: ҚФФ баспасөз қызметі
Шабуылшы Дастан Сәтпаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы голын соқты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
17 жастағы шабуылшы 15 қарашада «Астана Аренада» өтіп жатқан Бельгияға қарсы өз алаңындағы ойында негізгі құрамда шықты.
Ойынның тоғызыншы минутында Сәтпаев қарсыластар қорғанысының қателігін ұтымды пайдаланып, допты олардың қақпасына бағыттады. Рикошеттен доп Бельгия қақпасының төменгі бұрышына кіріп, Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасы сапындағы дебюттік голын соқты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!