фото: Спортты дамыту дирекциясы
Перу астанасы Лимада өтіп жатқан шахматтан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында (рапид бойынша) Ксения Балабаева жеңіске жетті. 19 жастағы отандасымыз әлем біріншілігінің 9-турынан кейін 7 ұпай жинап, ең үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды 1bol.kz.
Жарыс швейцар жүйесі бойынша 15+10 уақыт бақылауымен (әр ойынға 15 минут және әр жүріске 10 секунд қосылады) өткізілді. Балабаева екінші жарыс күнінен кейін 5 ұпаймен көш бастап тұрған. Жарыстың соңғы күнін Ксения 47-ші жүрісте Умида Омоноваға мат қойып, жеңіске жетті. Кейін Анна Журова және Афруза Хамдамовамен тең ойнап, 1-орынды мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.
Ксения Балабаева – Қазақстанның ересектер арасындағы әйелдер құрамасының мүшесі. 2024 жылы Будапештте өткен шахмат олимпиадасында күміс алған. Ел намысын бұл чемпионатта Лия Құрманғалиева мен Әмина Қайырбекова қорғады. Әмина 6 ұпай жинап 7-орынға ие болса, Лия 5 ұпаймен 12-орында мәреге жетті.
2025 жылғы әлем чемпионаты (рапид, G20)
1. WGM Ксения Балабаева (2287) – 7 ұпай;
2. WIM Афруза Хамдамова (2384, Өзбекстан) – 6½;
3. WFM Варвара Полякова (2065, FIDE) – 6½;
4. WFM Анна Журова (2189, FIDE) – 6½;
5. WIM Умида Омонова (2265, Өзбекстан) – 6;
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!