Астанада өтіп жатқан бокстан әлем кубогында спортшыларымыз алты алтын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Виктория Графеева 60 келі салмақта бразилиялық Ребека Де Лиманы жеңді. Ал Наталья Богданова 70 келі салмақта оза шығып, аустралиялық боксшыны 4:1 есебімен ұтып кетті.
Күндізгі сессияны соңғы болып Санжар Тәшкенбай аяқтады. Ол 50 келіге дейінгі салмақта филиппиндік Джей Брайан Барикуатроны жеңді. Ол қарсыласын нокдаунға түсірді.
Әзірге Қазақстан құрамасының еншісінде 6 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль бар.
Кешкі сессияда әлі 5 боксшымыз жұдырықтасады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!