Алматыға армрестлинг бойынша чемпионатқа барған қырғызстандық жасөспірімдердің ата-аналары спортшыларға жағдай жасалмағанына наразы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұйымдастырушылар спортшылар қонақүйлерде тұрады деп төлем алған, бірақ келген кезде жағдайы нашар хостелдерге орналастырған.

«Бүгін Алматыда өткен әлем чемпионатына келдік. Түсініксіз жағдай орын алды. Әр спортшыдан төрт күн қонақ үйде түнеу үшін 11520 сом (61 мың теңгеге жуық) алды. Бірақ бізді төрт түн үшін 12000 теңге болатын хостелге орналастырды. Қалған 48 мың қайда кетті? Мұнда 85 спортшы бар, демек 85×9120=775 200 теңге жоқ”, – деді қырғызстандық.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!