Фото: sports.kz
«Адана Демирспор» өз алаңында «Касымпаша» клубын қабылдап, 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
Футболдан Түркия суперлигасының кезекті туры аясында «Адана Демирспор» өз алаңында «Касымпаша» клубын қабылдап, 1:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Алаң иелері сапында қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетовтің ойнайтынын айта кету керек. Кешегі матчта жерлесіміз гол соға алған жоқ, керісінше өз қақпасына гол кіруге себепкер болды. Ол екінші таймда өз айып алаңында ереже бұзып, төреші пенальти белгіледі. Айып добын Харис Хайрадинович дәл орындап, есепті 0:3-ке жеткізді. Бірінші таймда қонақтар алаң иелеріне жауапсыз екі гол соққан болатын.
Осы пенальтиден кейін «Адана Демирспордың» бас бапкері Абат Айымбетовті ойыннан алып тастады. Ал, 87-минутта Абаттың командаласы әйгілі Марио Балотелли гол соғып, есепті 1:3-ке дейін қысқарта алды.
Айта кету керек, «Касымпаша» турнир кестесінің төртінші сатысында келеді. Ал, «Адана Демирспор» болса 31 ұпай жинап, тоғызыншы орынға жайғасқан.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!