Тәжікстан астанасы Душанбеде 2-4 мамыр аралығында өтетін Grand Slam жарысына қатысатын қазақ спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім етті.
Душанбеде ел намысын қорғайтын дзюдошылар:
- Абиба Абужақынова (-48 кг);
- Алдияр Қарғұлов (-60 кг);
- Нұрмұхамет Ботабай (-66 кг);
- Аңсарбек Ғайнуллин (-73 кг);
- Ықылас Әлсейіт (-73 кг);
- Досхан Жолжақынов (-81 кг);
- Ермұхан Естай (-100 кг);
- Мұхаммедәли Мавлидов (-100 кг).
Айта кетейік, қазақ дзюдошылары жақында Таиландтың Бангкок қаласында өткен Азия чемпионатында төрт қола жүлде еншіледі.
Олар: Шерзод Давлатов (-60 кг), Ғалия Тынбаева (-48 кг), Бақыт Құсақбаева (-57 кг) және Мейірлан Максим (-90 кг).
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!