фото: ҰОК
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, дзюдодан еліміздің әйелдер құрамасының көшбасшысы Абиба Әбужақынова өзінің жеке дзюдо үйірмесін ашпақ, – деп хабарлайды 1bol.kz.
«Дзюдо үйірмесін ашамын. Бұл тек жаттығу залы емес, болашақ чемпиондардың ұясы. Бұл — тәртіп пен ерік-жігер және де табысқа бастар жол болады», – деді Абиба Әбужақынова өзінің Instagram парақшасында.
Спортшы қазіргі таңдағы еліміздің ең талантты дзюдошыларының бірі. Ол 2 дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері. Соңғы рет Будапеште өткен Әлем чемпиоанатында күміс медальға ие болған. Бұған қоса 2024 жылы Париж Олимпиадасында үшінші орын үшін тартыста қарсыласына есе жіберіп, 5-орынға тұрақтаған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!