Венгрияның астанасында өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Әбиба Әбужақынова күміс жүлдеге ие болды.

Әлем дзюдошылары бас қосқан байрақты бәсекеде қазақстандық спортшы Әбиба Әбужақынова финалға дейін сүрінбей жетті. Ақтық сында италиялық Асунта Скуттомен татамиге шығып, қарсыласына есе жіберді.

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова — әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақ қызы.

Ол бұған дейін бұл жарыста екі мәрте қола медаль иеленген еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!