Әбиба Әбужақынова Душанбеде дзюдодан өткен Grand Siam жүлдесі үшін белдесті,  – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2-4 мамыр аралығында Душанбеде (Тәжікстан) дзюдодан Grand Siam турнирі өтіп жатыр.

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін) жарыстың қола жүлдесі үшін барын салды. Қазақстандық қола жүлдегер атанды.

Спортшымыз жарысты сәтті бастап, жартылай финалға дейін сүрінбей жетті. Алайда 1/2 финалда қытайлық Чжуан Веннаға есе жіберді. Қола жүлде үшін Әбужақынова өзбекстандық Улбусин Хакимовамен кездесті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!