Фото: Қайрат ФК

Алматының «Қайрат» клубы ҚПЛ-дың 11-турындағы «Ақтөбемен» сырт алаңда өткен ойынға қатысты ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ойын 30 мамырда Ақтөбеде өтіп, 2:1 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды.
«Қайрат» футбол клубы «Ақтөбе» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтиннің трибуналарда әдепсіз сөз айтқанын мәлімдеді. Оқиға жаттықтырушы техникалық алаңнан аластатылғаннан кейін орын алған.
Клуб кәсіби және этикалық жауапкершілік тұрғысынан мұндай сөздерді айтуға болмайды деп санайды.
“Бүкіл кездесу барысында трибунадан «Қайрат» ФК өкілдеріне қарсы үнемі қорлайтын, арандатушылық және бейәдеп сөздер айтылғанын, сондай-ақ агрессивті әрекеттердің, оның ішінде техникалық алаң мен қосалқы ойыншылар отыратын орынға бөгде зат лақтырғанын атап өткіміз келеді. Бұл стадионда жанкүйерлердің былай әрекет етуі бірінші рет емес және тиісті қауіпсіздік шараларының жоғын көрсетеді”, – деп мәлімдеді “Қайрат” клубы.
Сонымен қатар Идрис Умаев, Неманья Анджелкович пен Бағдат Қайыров есімді «Ақтөбе» футболшыларының әрекеттерін тексеруін де талап етті. Олар матч кезінде және одан кейін командамыздың ойыншыларына қатысты дөрекі және арандатушылық іс-әрекет жасаған көрінеді. Клуб бұл оқиғаларға ресми баға беріліп, тиісті шара қабылдануы керек деп есептейді.
Клуб бұл эпизодтарға ресми баға беруді және тиісті шараларды қабылдауды талап етеді.
«Қайрат» ФК барлық ресми шарада құрмет, спорт этикасы және тиісті тәртіп қағидаттарын ұстанатынын растайды. Жақын арада клуб Қазақстан футбол федерациясына матч барысында төрешілердің даулы шешімдерін егжей-тегжейлі қарауын талап етіп, ресми үндеу жолдайды және құзырлы органдардан ашық әрі объективті жауап күтеді”, – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!