Польшада шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі басталды. Қазақстан құрамасы бірінші дивизиондағы А тобында өнер көрсетеді.

Команданың бас бапкері Сергей Старыгин аталған жарыста мына шәкірттеріне сенім артты: Қақпашылар – Владимир Никитин, Дәрмен Ғабдуллин және Артем Шестаков («Барыс»). Қорғаушылар – Артем Авдеенко, Дмитрий Бреус, Никита Селезнев, Семен Роев, Аслан Жүсіпбеков («Барыс»), Кирилл Хан («Торпедо», Өскемен) және Игорь Пономарев («Қыран», Қарағанды). Шабуылшылар – Роман Ермак, Алдияр Нұрлан, Руслан Оспанов, Даниил Свинтальский, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Асанәлі Русланұлы, Семен Симонов, Илья Шапоров, Әділ Бейсембаев, Темірлан Қитаров, Денис Леута және Александр Фокин («Барыс»).

Жерлестеріміз Норвегия, Дания, Словакия, Франция және Жапония құрамаларымен сайысқа түседі. Осы топтан үздік шыққан команда келесі маусымда мықтылармен күш сынасу мүмкіндігіне ие болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!