Мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаева бақ сынайтын әлем чемпионаты бос трибуналарда өтпек. Ұйымдастырушылар пандемияға байланысты осындай жоспар құрып жатыр, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

– Қазіргі таңда біз ISU-мен тығыз жұмыс істеп, қауіпсіздік шараларын талқылап жатырмыз. Бүгінде ISU Гран-при кезеңдерін өткізуде. Оның үстіне, әлем чемпионатынан бұрын Загребте Еуропа біріншілігі ұйымдастырылады. Сондықтан бізге жаһандық доданы өткізер кезде біраз көмек болары анық. Жанкүйерлердің қауіпсіздігін ойлап, спорт кешеніне көрермендерді кіргізбеу туралы мәселені талқылап жатырмыз, – дейді әлем біріншілігін ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты 2021 жылдың 22-28 наурызына жоспарланған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!