Алматы қаласына Кипрдің “Пафос” футбол клубы табан тіреді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Команда 6 жарым сағаттық әуе сапарынан кейін қалаға жеткен.

Бүгін, 21 қазан күні «Қайрат» пен «Пафос» арасында маңызды матч өтеді.

Бұл кездесу — УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші турындағы шешуші матчтардың бірі болмақ. Кипрлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, “Пафос” клубының жанкүйерлері де өз командаларын қолдау мақсатында Алматыға арнайы келген. Олар стадионда ерекше атмосфера қалыптастыруды көздеп отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!