фото: Қазақстан бокс федерациясы
Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өткен бокстан Әлем кубогында Қазақстан құрамасы 3 алтын және 3 қола медаль жеңіп алды. Финалға шыққан ерлер құрамсасының екі боксшысы да өзбектермен кездесіп, екеуі де жеңіске жетті, деп хабарлайды 1bol.kz.
Алтын медаль иегерлері:
- Нұрсұлтан Алтынбек (55 кг)
- Дәулет Төлемісов (85 кг)
- Жазира Орақбаева (51 кг)
Қола медаль иегерлері:
- Диас Молжігітов (80 кг)
- Даниал Сапарбай (+90 кг)
- Ұлжан Сәрсенбек (57 кг)
55 келі
- Нұрсұлтан Алтынбек (Қазақстан) – Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан, 2019 жылғы әлем чемпионы) – 3:2
85 келі
- Дәулет Төлемісов (Қазақстан) – Акмалжон Исроилов (Өзбекстан) – 3:2
51 келі
- Қазақстан: Жазира Орақбаеваның қарсыласы шаршы алаңға шықпады.
Осылайша, құрамамыз World Boxing ұйымдастырған аламанның алғашқы кезеңін жалпы есепте үшінші орынмен аяқтады. Көш басына Өзбекстан боксшылары жайғасты.
Ерлер құрамасының жалпы жүлде кестесі:
- Өзбекстан – 5 алтын, 2 күміс, 1 қола
- Бразилия – 2 алтын, 2 күміс, 1 қола
- Қазақстан – 2 алтын, 2 қола
- Үндістан – 1 алтын, 1 күміс, 4 қола
- Англия – 3 күміс, 1 қола
- Франция – 1 күміс, 3 қола
- Польша – 1 күміс, 3 қола
- Италия – 2 қола
- АҚШ – 2 қола
- Гватемала – 1 қола
Айта кетейік, Бразилиядағы Әлем кубогының бірінші кезеңіне 18 елден 130 боксшы қатысты. Турнирдің келесі кезеңі Қазақстанда 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді. Ал, 21 мен 27 шілде аралығында тағы бір кезеңі күнтізбеде бар. Жарыстың өтетін орны кейінірек хабарланады. Әлем кубогының финалдық кезеңі 15-22 қарашада Үндістанда жоспарланған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!