Астанада өтіп жатқан бокстан әлем Кубогы кезеңінің бесінші күні ширек финалдық жекпе-жектермен жалғасады. Бұл күні 16 кездесу жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан құрамасынан бүгін бес боксшы рингке шығады:

  • Алуа Балкибекова (51 кг дейін) – Жапониялық Юна Нишинакаға қарсы;
  • Аида Әбікеева (65 кг дейін) – Кореялық Кан Сукёнмен жұдырықтасады;
  • Елдана Тәліпова (80 кг жоғары) – Өзбекстандық Олтинои Сотимбоевамен кездеседі;
  • Ермуған Зейнуллинов (65 кг дейін) – Франциядан келген Уго Крауға қарсы рингке шығады;
  • Сағындық Тоғамбай (90 кг дейін) – Түркиялық Эмрах Ясармен жекпе-жек өткізеді.

Кешкі сессия Астана уақытымен сағат 19:00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында басталады. Кездесулерді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!