Фото: BasSport.kz
Жеңілмеген ресейлік боксшы Шарабутдин Атаев әлемдегі ең мықты үш боксшыны атады, деп хабарлайды BasSport.kz.
Кроуфорд, Усик және Бивол, — деді Атаев «Чемпионатқа» берген сұхбатында.
Теренс Алан Кроуфорд — жеңіліс көрмеген американдық боксшы. Ол 40 айқас өткізіп, соның 31-ін нокаутпен аяқтаған. Соңғы жекпе-жегін 2023 жылғы 29 шілдеде өткізді.
Украиналық Александр Усик карьерасындағы 21 айқастың бәрін жеңіспен аяқтады (14 нокаут).
Дмитрий Бивол — жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін ресейлік былғары қолғап шебері.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!