Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік 20 боксшысының қатарына кірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Boxingscene.com салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің ең мықты боксшыларының тізімін жасаған.
Бұл тізімге WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) да кірді. Ол 20-орында тұр.
P4P-рейтингінің көшбасшысы ретінде америкалық былғары қолғап шебері Теренс Кроуфорд (41-0, 31 КО) таңдалған. Сонымен қатар, үздік бестікке украиналық Александр Усик (23-0, 14 КО), жапониялық Наоя Иноуэ (29-0, 26 КО) және ресейлік боксшылар Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО), Артур Бетербиев (21-1, 20 КО) кірген.
Мексикалық Сауль Альварес (62-2-2, 39 КО) 8-орында тұр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!