Фото: Olympic.kz

Венгрияда аяқталған рейтингілік турнирден соң Біріккен күрес әлемі (UWW) балуандар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған жарыста топ жарған Әлішер Ерғали 97 келі салмақта 8-орынға тұрақтаған, – деп жазды Olympic.kz.

Ал бұл салмаққа енді ауысқан Ризабек Айтмұхан 18-орында.

Мейрамбек Қартбай (57 келі) төртінші, Болат Сақаев (79 келі) алтыншы сатыда.

Азамат Дәулетбеков 86 келінің көшін бастап тұр. Ол бірнеше айдан бері рейтингте бірінші орында келеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!