Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Мексиканың Мерида қаласында жасөспірімдер арасында бірінші санаттағы ITF J500 турнирі мәресіне жетті.

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге жұптық сында жеңімпаз атанды.

Қазақстандық-ресейлік дуэт финалда жарыстың 1-ракеткалары, чехиялық Петр Брунлик – ұлыбританиялық Чарли Робертсонды тізе бүктірді – 6:4, 6:1.

Әмір Омарханов жекелей сында жартылай финалға дейін жетті. Онда франциялық Томас Фурелге есе жіберді – 2:6, 3:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Әмір Омархановтың Мексикадағы турнирдің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ теннистен әлемнің экс 1-ракеткасы допинг дауына іліккенін хабарладық.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!