Дзюдодан Қазақстанның жастар құрамасы Грекияның астанасы –Афинада өткен Еуропа кубогында бес қола жүлдеге қол жеткізді.
Ежелгі Эллада еліндегі жарыста Нұрқанат Серікбаев (60 кило), Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кило), Асанәлі Абзалбек (73 кило), Айдар Арапов (90 кило) және Жұрқамырза Шүкірбеков (100 кило) үшінші тұғырға көтерілді. Тағы бірнеше балуанымыздың да жүлдегерлер санатына қосылуға жақсы мүмкіндіктері болған. Алайда шешуші тұста өрескел қателікке бой алдырған олар қорытынды есепте бесінші және жетінші орындарды қанағат тұтты.
Осылайша, жалынды жастар биылғы маусымдағы өздерінің алғашқы жарысына қатысты. Иә, нәтиже жаман емес. Алда жерлестерімізді тағы бірнеше халықаралық дода күтіп тұр. Сол сынақтардан сүрінбей өткен өрендеріміз әлем және құрлық біріншіліктерінде күш сынасу мүмкіндігіне ие болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!