Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова (6-2-1, 2 КО) Монтебеллода (АҚШ, Калифорния) өткен кеште өнер көрсетті.
Онда ол америкалық Челси Андерсонмен (5-0, 2 КО) жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте боксшылар WBC International-дың жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белдігі үшін күш сынасты. Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек төрешілердің шешімімен Андерсонның жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Челси Андерсон кәсіпқой мансабындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, WBC International тұжырымы бойынша чемпион атағына ие болды.
«Леди спарта» лақап атымен танымал Аида Сатыбалдинова болса, кәсіпқой рингте осымен үшінші рет жығылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!