30 маусым – 6 шілде аралығында өтетін жарыстар кестесі жарияланды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

  • 30 маусым – 6 шілде: Бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Әлем кубогі өтеді. Жарысқа 30 елден 440-қа жуық спортшы қатысады. Ел намысын 20 былғары қолғап шебері қорғайды. Өтетін орны: Астана қаласы.
  • 1-5 шілде: Грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир өтеді. Қазақстан құрамасынан 8 палуан белдеседі. Өтетін орны: Мадрид қаласы, Испания.
  • 2-8 шілде: Батуттағы гимнастикадан Coimbra Gym Fest 2025 халықаралық турнирі өтеді. Жарысқа 8 спортшымыз қатысады. Өтетін орны: Коимбра қаласы, Португалия.
  • 4-10 шілде: Ауыр атлетикадан жасөспірімдер және юниорлар арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Жарысқа 27 елден 300-ге жуық спортшы қатысады. Ұлттық құрама сапынан 32 спортшы сынға түседі. Өтетін орны: Астана қаласы.
  • 4-14 шілде: Стенд атудан Әлем кубогі өтеді. Турнирде 6 спортшымыз жүлдеге таласады. Өтетін орны: Лонато қаласы, Италия.
  • 6 шілде: Бәйгеден ел біріншілігіне іріктеу турнирі өтеді. Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және барлық облыстан 50-ден аса шабандоз қатысады. Өтетін орны: Астана қаласы, «Қазанат» ипподромы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!