KAZINFORM – Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик Гонконг ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты.
Жарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші рейтингіде 75-орында тұрған нидерландылық Ботик ван де Зандсхулппен шеберлік байқасты. Екі партия да 6:3 есебімен Бубликтің пайдасына шешілді.
Бір сағат 11 минутқа созылған кездесуде Бублик 12 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Зандсхулп 8 эйспен шектелді.
Александр жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 406-сатыдағы қытайлық Цзюнчэн Шанмен таласады. Ол екінші айналымда әлемнің 39-ракеткасы, италиялық Лоренцо Сонегоны жеңіп кетті – 6:3, 6:4.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
