Фото: Olympic.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 76-ракеткасы Мюнхен (Германия) ATP 500 турнирінің іріктеу сайысын сәтті аяқтад, деп жазады KAZINFORM.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингіде 546-орында тұрған германиялық, 17 жастағы Диего Дедура-Паломеромен шеберлік байқасты. Екі сет те 6:3 есебімен Бубликтің пайдасына шешілді.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде А.Бублик 2 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Германиялық спортшы 2 брейкпен шектелді. Осылайша, Александр Бублик 14-20 сәуір аралығында өтетін негізгі жарысқа жолдама алды.
Тағы бір қазақстандық Александр Шевченко іріктеу сайыстарының финалында хорватиялық Бора Гойодан жеңіліп қалды 4:6, 4:6.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!