Фото: Sports.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Ханчжоу (Қытай) ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды KAZINFORM.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелгендіктен, Бублик бірден екінші айналымнан бастады.
А.Бублик дүниежүзілік рейтингіде 93-орында тұрған аустралиялық Александар Вукичпен кортқа шықты.

Бірінші партияда тай-брейкте Вукич сәтті ойнады — 7:6 (8:6).

Бұдан кейін Бублик камбэк жасап, матчты жеңіспен түйіндеді — 6:4, 6:4.

Екі сағат 15 минутта аяқталған тартысты бәсекеде қазақстандық спортшы эйс санын 24-ке жеткізіп, 10 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Вукич 14 эйспен шектелді.

Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 99-сатыдағы Далибор Сврчинамен таласады. Ол рейтингіде 192-орындағы қытайлық Чжан Чжичжэньнен айласын асырды — 6:4, 6:3.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!