Фото: ҰОК

Қазақстанның бірінші, әлемнің 34-ракеткасы Александр Бублик Гштаад (Швейцария) ATP 250 турнирінің финалына өтті, – деп хабарлады Kazinform.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 116-орында тұрған франциялық Артур Казомен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Бублик екі рет брейк жасап, айқын басымдылық танытты – 6:1. Екінші сетте есеп 5:5 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасай білді. Содан кейін матчты жеңіспен түйіндеді – 7:5.

Бір сағат 12 минутқа созылған бәсекеде Бублик 12 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ. Казо 2 эйспен шектелді.

Александр Бублик финалда әлемнің 109-ракеткасы, аргентиналық Хуан-Мануэль Серундоломен чемпиондық атақты сарапқа салады. Ол жартылай финалда рейтингіде 167-сатыдағы перулік Игнасио Бусені жолдан тайдырды – 6:3, 6:3.

Қазіргі кезде Бублик ATP Live рейтингісінде 30-орынға көтеріліп тұр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!