Фото: Sports.kz

KAZINFORM – Алдағы жылы 5-11 қаңтарда өтетін Гонконг ATP 250 турниріне қатысатын теннисшілердің тізімі жарияланды.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик аталмыш жарыста бақ сынайды.Бұл Бубликтің 2026 жылдағы бірінші жарысы болмақ. 

Гонконгте сондай-ақ италиялық теннисші, әлемнің 8-ракеткасы Лоренцо Музетти, ресейліктер, рейтингіде 16-сатыдағы Андрей Рублев, Карен Хачанов (18-орын) және басқа да теннисшілер додаға қосылады.

Осы мерзімде Аустралияда ерлер арасында Брисбен ATP 250 турнирі де өтеді. 

Биыл Бублик Галле (Германия), Гштаад (Швейцария), Кицбюэль (Аустрия) және Ханчжоу (Қытай) жарыстарында үздік шыққан болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!