Қазақстан теннис құрамасының өкілі Александр Шевченко Алматыда өтіп жатқан ATP 250 турнирінің екінші кезеңіне жолдама алды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.
Бірінші айналымда қазақстандық спортшы сербиялық Ласло Джерені жеңді. Кездесу 7:6 (7:1), 7:6 (14:12) есебімен аяқталды. Матч 2 сағат 8 минутқа созылды.
Екінші айналымда Александр Шевченко әлемнің 41-ракеткасы Корентен Мутемен кездеседі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!